Пайдалану

Nexus сериясының бұйымы неопреннен дайындалған және бұлшық ет және сіңірдің созылуы сияқты жарақаттың алдын алуға және емдеуге арналған.

Nexus сериясының бұйымы бір көлемде болады. Арнайы икемді маталарды пайдаланудың арқасында бұйымның көлемі емделушінің денесіне бейімделіп реттеліп отырады.

Біртекті компрессия: Неопрен зақымданған ткандерге қолдау көрсететін компрессиялық әсер береді. Бұл материал барлық бағытта созылады, және артық созылуға жол бермейді.

80% неопрен

15% мақта

5% нейлонды мата «джерси»

Жылуды сақтайтын әсері: Неопрен – бұл жылу өткізбейтін тамаша материал, ол жылуды сақтайды және оны дененің зақымданған жерлеріне жібере отырып, қан айналымының артуына себеп болады және тезірек жазылуға көмектеседі.

Жайлылық: Nexus бұйымы дененің арнайы жерлеріне тығыз және ыңғайлы түрде қонымды болуға арналған.

«Супер-қолдау» Supersupport сериясының бұйымы 100% неопреннен дайындалған және бұлшық ет және сіңірдің созылуы сияқты жарақаттың алдын алуға және емдеуге арналған.

Бұйымның ішкі бетінде 100% мақтадан дайындалған арнайы шиыршық тәрізді ілгектері бар, олар бұйымның денеден сырғып кетуін болдырмайды, дененің жақсы желдетілуін және терді сіңіріп алуды қамтамасыз етеді.

Варикозға қарсы бұйым

Қолданылуы

Варикозға қарсы шұлықтар және варикозға қарсы басқа да бұйымдар төсектен тұрардың алдында киіледі. Алдымен оларды табанның деңгейіне дейін түсіріп, одан кейін жіліншіктен жоғары аяқтың бойымен тартып киеді. Шұлықтарды кигенде және шешкен кезде абай болыңыз. Бұйымға әр түрлі химиялық препараттардың тиюіне жол бермеңіз.

Жуу

Жұмсақ жуғыш құралдың (сабын) ерітіндісінде уқаламай қолмен жууға және бөлменің температурасында орамалда кептіруге рұқсат беріледі.

Жуу үшін ыстық суды, кір жуатын ұнтақты және хлоридтерді пайдалануға тыйым салынады.

Корсеттер

Жуу

Жұмсақ жуғыш құралдың ерітіндісінде уқаламай қолмен жууға және бөлменің температурасында орамалда кептіруге рұқсат беріледі.

Егер болат салмалары болса, жуардың алдында оларды суырып алу керек.